Cтуденттің ар – намыс Кодексі

Жамбыл жоғары медициналық колледжі  студенттерінің Ар – намыс Кодексі

  1. Негізгі заң: адам құқығын, бостандығын, бойындағы жеке қасиеттерін құрметтеу.

Колледж студенттері мен оқытушылары кәсіптік білім алу негізі болып табылады, олар жоғары білікті маман даярлайды. Бұл білім жүйесіндегі оқу үрдісінде маңызды мәселелерді шешіп, барлық колледждің студенттерімен оқытушылар және қызметкерлер арасындағы қарым-қатыныс,сенім, шыншылдық,бір-бірін құрметтеу негізінде қаланған. Студент оқытушы мен қызметкерлерге субординация сақтауы тиіс. Басқа студенттер мен қарым-қатынасы сыпайы, қарапайым, жауапты, шынайы, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, тәртіпті болуы міндетті. Басқа адамның арына нұқсан келтіретін іс-әрекет жасауға тиым салынады, өзін қоршағандармен қарым-қатынаста кішіпейіл, адал, мейірімді ақпейілді болуы тиіс.

Колледждің оқытушылар, қызметкерлер және басқа студенттер алдында , жеке бір студентке сыни көзқарас пен ой айтудан өзін-өзі ұстай білуі. Егер студен өзіне,  оқытушы қойған бағаны әділетсіз, айтылған ескертуі себепсіз деп есептесе, бұл сұрақты оқытушымен жеке талқылауы ұсынылады. Ал талқыланған мәселе де екі жақ оң нәтижеге келе алмаса, онда студент бөлім меңгерушісіне, немесе кураторға айтады.

 

        2. Ұйым заңы

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті өзінің тәртібімен колледж туралы сонымен қатар мамандығы туралы әсер қалыптастыратынын жадында сақтай білуі қажет. Ол колледж дәстүрін, тарихын білуге, колледж имиджін қолдауға тиіс, колледжден тыс жерлерде өзінің оқу орнының өкілі екендігін ұмытпай ар-намысын, қадыр-қасиетін кетірмеуі қажет. Студент ұйым мәдениетін нығайтып, дамытып өзінен кішілерге тәжірибесімен бөлісуді ұйымдастыра білуі керек және де колледж іші немесе одан тыс жерлерде заңға қайшы келетін іс-әрекеттерден аулақ болуы тиіс.

-Студент- Қазақстан Республикасының патриоты, мемлекеттік нышандар әнұран, жалау, мемлекеттік тілді Тәуелсіз Қазақстанның аса маңызды атрибуты ретінде құрметтейді.

-Студент Қазақстан Республикасына лайықты азамат, таңдаған мамандығында кәсіпқой, шығармашыл, дара, жақсы қасиеттердің дамуына ұмтылу қажет.

– Студент үлкенденрді құрметтеп, айналасындағыларға дөрекілік көрсетпей, әлеуметтік қорғалмаған адамдарға шамалары келгенше жанашырлық, қамқорлық көрсетуі тиіс.

-Студент оқу үрдісінің тәртібін мүлтіксіз сақтайды. Міндетті түрде оқу сабақтарына қатысады, оқу жоспары мен оқу бағдарламасы қарастырған тапсырмалар түрін уақтылы орындайды. Оқуда жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін студент өзіне байланысты мүмкіншіліктің бәрін жасайды.

-Студент жалпыадамзатқа тән моральдық-этикалық принциптерді қолданады, колледж ұйым мәдениетін сақтайды, этносаралық келіспеушілік, діни экстремизм, ұлтшылдық және сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылыққа жол берілмеуі тиіс деп санайды.

-Студент салауатты өмір салтын ұстанады және жат қылықтардан толықтай бас тартады.

-Студент колледж дәстүрін құрметтейді, мүлкін, тазалық пен тәртіпті сақтайды.

-Студент барлық пайдалы және қабілетті шығармашылық белсенділікті дамытуға арналған (ғылыми-білімділік, спорттық, әдеби т.б.) колледж имиджін және ұйым мәдениетін жоғарлататын іс-әрекеттерді құптайды.

-Студент халықаралық интернационалық студенттік ынтымақтастығының қажеттігін және үштілділікті мойындайды.

-Студент Жамбыл медициналық колледжі өкілі екендігін үнемі естен шығармай, колледж ар-ожданы мен қадыр-қасиетін жоғалпауға бар күш-жігерін салуға тиіс.

-Студент академиялық арамдылықпен күресу, оның міндет екендігін біліп, оның ішінде: —

– көшіру және басқа біреуге білімін тексеру барысында көмекке жүгіну;

– жоғары баға алу үшін туыстық немесе қызметтік байланыстарын пайдалануға;

– қыдыру, кешігу және сабақты себепсіз жіберуге жол бермейді.

-Студент жоғарыда айтылған академиялық арамдылықты сапалы және білім бәсекелестікпен,болашақ Қазақстанның экономикалық, саяси және басқару жүйесінде үйлесімсіз екендігін қарастырыды.