«Дәуірдің жарық жұлдызы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты облыстық колледжаралық байқау

Без рубрики
Бөлісу
20.04.2022 жылы Ахмет Байтұрсынұылының 150 жылдық мерейтойына орай Ұлы ұстаз – Ахмет Байтұрсынұлының өшпес өнегесін, сарқылмас мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Дәуірдің жарық жұлдызы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты облыстық колледжаралық байқау өткізілді.
Байқауға облыс бойынша 8 колледж қатысты.
1. «Алаш ұландары» тобы Жамбыл индустриалды- технологиялық колледжі
2. «Жалындаған жас ұстаз» Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
3. «Замандастар» Қазіргі заман гуманитарлық – техникалық колледжі
4. «Ғалым» №9 Меркі колледжі
5. «Жас алаш» Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
6. «Алаш жастары» Құлан агротехникалық жоғары колледжі
7. «Шамшырақ» 17 колледжі
8. «Ғылым» Білім колледжі
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде: Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Жалындаған жас ұстаз» тобы.
І дәрежелі диплом: Жамбыл политехникалық жоғары колледжі «Жас алаш» тобы.
ІІ дәрежелі диплом: Құлан агротехникалық жоғары колледжі «Алаш жастары» тобы
ІІІ дәрежелі диплом : Білім колледжі «Ғылым» тобы.
Қалған топтар алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.