- 03. 2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Ж.Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жыр алыбы Жамбыл» атты әдеби кеш өткізілді. Сәкен Сейфуллин- Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру. Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Әдеби кеште ақынның өлеңдері оқылып, ән мен күй айтылды және көрініс көрсетілді. Қызыл жолбарыс драмасынан үзінді көрсетілді.
Ұйымдастырушылар: кітапхана қызметкерлері





