Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, іскерлік, ибалылық, сыпайылық шеберлік негізінде тәрбиелеуге, әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақсатында, 22.12.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі, «Балауса» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» тақырыбында қыздармен пікірлесу өтті.
Жиналысқа «Елу жылда – Ел жаңа қоғамдық бірлестігінің» төрайымы: Ш.Б.Сүйімқұл, жеке кәсіпкер, «Алтын алқалы ана» С.А.Кадирова, колледж психологтары: А.Н.Оскенбаева, Н.Е.Мұхамодиева, 133, 205,206 топтар қатысты.
Пікірлесу кезінде белсенділік танытып, өз ойымен бөліскен 206 топ, «Мейіргер ісі» бөлімінің студенті Лес Айнұр, арнайы шақыртылған қонақтардан тоғыз құмалақ дойбысын сыйға алды.