Денсаулық күні
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен 20 наурызда Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Ұлттық спорт күніне орай
«Ұлттық спорт-ұлт саулығы» атты денсаулық күні өтті.
Әйелдер қанатының сарапшысы Ж.Н.Сарыбекова жастарға ұлттық спорт – ата-бабамыздан мирас болған, ұлттық рухты көтеретін, әрбір жанның өн бойына дауа дарытып ептілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелейтін маңызды құрал екенін атап өтті. Ұлттық спорт – халқымыздың өмір салты мен дүниетанымының айқын көрінісі.
Ұлттық ойындар арқылы біз өткенімізді дәріптеп қана қоймай, болашағымызды нықтаймыз. Себебі ұлттық құндылықтарды құрметтеген ұрпақ – елдің тірегі.



