«Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіби мамандарды даярлау мен кәсіби іске асырудың заманауи талаптары»

Бөлісу

09.10.2024 жылы Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, «Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мен «Қызылорда медициналық жоғары колледж» ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласын жетілдіру және халықаралық тәжірибені ұштастыру мақсатында «Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіби мамандарды даярлау мен кәсіби іске асырудың заманауи талаптары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Шараға республика бойынша медициналық оқу орындарының, сондай -ақ алыс-жақын шетелдік оқу орындарының өкілдері мен денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.

Конференция пленарлық отырыс пен 4 панельдік сессиядан (пікірталас) тұрды. Конференция одан әрі Түркия, Латвия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің өкілдерімен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері және еліміздегі медицина колледжінің мамандары баяндама жасады.

Баяндамалар легінен кейін панельдік сессияда «Білім беруде тәжірибелік дағдыларды жетілдіру және теориялық білім мен оларды нақты әлемде қолдану арасындағы алшақтықты азайту құралы ретінде симуляциялық технологияларды пайдалану, болашақ денсаулық саласындағы мейіргер мамандардың жаңа рөлі» туралы пікірталас болды. Сонымен қатар конференцияда Қазақстан Республикасында мейіргерлік іс бойынша білім беруді қайта жаңғырту, даму перспективалары туралы мәселелер қаралды.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға колледжіміздің директоры Сарыбекова Ж. Н., директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Л.Т., «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушілері Ескебекова З.С. және Дүйсембаева Ұ.Е. тәжірибе алмасып, жинаққа мақалаларын жариялады.