Атқарушылық іс жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында, Әділет министрлігі AdiletGov мобилдік қосымшасын іске қосты.
Енді сот орындаушыларына жүгіну әлдеқайда оңай — бәрін онлайн жасауға болады:
✅атқарушылық іс жүргізудің барысын білу;
✅сот орындаушысының қабылдаған шараларын көру;
✅өтініш, арыз немесе шағым беру;
✅олардың қаралу мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылау.
Егер жеке сот орындаушысы уақытында жауап бермесе, жүйе өтінішті автоматты түрде өңірлік палатаға және тиісті әділет органына жібереді ⚖️
Мақсат — атқарушылық іс жүргізуді ашық және баршаға қолжетімді ету.
AdiletGov қосымшасын Google Play мен Арр Store-дан жүктеп алып, мәселелеріңізді тез әрі ыңғайлы шешіңіз!

