Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында айтылған мәселелер Әділетті Қазақстанды құруда ролі жоғары. Сол себепті де Жолдауда айтылған бастамалар қоғам мүшелерінің тарапынан қолдауға ие болып, қолға алынған жобалар мен міндеттерді барынша белсенділікпен орындауға атсалысу қазақстандықтар үшін маңызды мәселе. Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндетіміз. Халыққа жолдаған Жолдауында елдегі білім саласына ерекше назар аударып, білім беру сапасын жақсарту үшін біршама тапсырмалар берілді. Президент өз жолдауында ұстаз еңбегін ерекше бағалады. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» дейді дана халқымыз. Қазақ халқы ежелден білім берген ұстазына деген құрметін аямаған. Жолдауда ұстаздардың абыройы мен беделін арттыру бағытында біршама өзгерістер болатындығы айтылды. Бұл бағытта ұлттық құндылықтарды жаңғырту, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесін зерделеу, ұтымды жолдарын басшылыққа алу ісі оң болмақ. Ұстаздардың материалдық жағдайымен қатар, ғылыми ізденісіне, педагогикалық шеберлігін шыңдауына назар аудару қажет. Президентіміздің еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісіне көңіл бөлгені өте орынды деп санаймыз. Денсаулық сақтау саласына орта буын медицина мамандарын даярлайтын оқу орны ретінде ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырудың қолға алынатындығы қуантарлық жай. Осы мақсат- міндеттерді орындалуына өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен айта аламын.