«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»

Бөлісу

01.09.2023 жыл Жамбыл жоғары медициналық колледж ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстандықтарға жасалған Жолдауы тікелей эфирден тыңдалды.

Жамбыл жоғары медициналық колледж ұжымы жолдауды толықтай тыңдап, талқылады. Мемлекет Президенті Қазақстан халқына жасаған жолдауы еліміздегі болып жатқан, реформалардың нәтижесі. Әрине, бұл халықтың көкейіндегі мәселелер.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жолдаудағы алғашқы сөзін «Бүгінде менің бастамаларымның басым көпшілігі жүзеге асты, Бірқатар жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті» – деп бастады, шынымен мұғалім мәртебесін арттырған президентімізге алғысымызды білдіре отырып алдағы уақытта болатын жағымды өзгерістерге дайын екенімізді сезініп отырдық. Өзгеріс елімізді өркендеу мен жаһандануға әкелетініне сенеміз.
Осының ішінде ұлт болашағын тәрбиелеп отырғандықтан жолдаудағы білім, медицина саласына қатысты көптеген реформаларды қолдаймыз. «Жайлы мектеп аясында» 400-ге жуық мектеп, ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатқаны, оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылатындығы туралы айтты.
Сонымен қатар мемлекет президенті «Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру, зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек» – екендігін атап айтса, студенттерге алаңсыз, креативті, өзіне сенімді және рухани бай орта қалыптастыруда психолгтың жұмысы тиімді әрі жүйелі болуы қажет деп нық айтты.

«Сапалы ортада білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет.» екенінде атап кетті. «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады.» – деп президентіміз атап өтті.
​«Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек. Отбасылық құндылықтар мен ғылымды, білім саласындағы заманауй техникалық базаны жасанды интеллектпен ұштастырсақ ұрпағымыздың болашағы жарқын болары сөзсіз деп атап кетті.
Президент айтқандай «Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!» деп әділетті Қазақстанның экономикалық бағдарын айқындаса, біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз!
Жамбыл жоғары медициналық колледж ұжымы жолдауды ерекше көңілмен қабылдай отырып, қазақстандықтардың одан әрі дамытуға бағытталған Президенттің саясатын толықтай қолдаймыз.