7.09.2023 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын насихаттау мақсатында «Мейіргер ісі» бөлімі 101М-9/23, 102М-9/23, 105М-9/23, 106М-9/23 топ студенттерімен танымдық сағаты өткізілді. Жолдауда білім беру саласы мен денсаулық сақтау саласы бойынша көптеген мәселелерді атап өтті. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатындығы, қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатқандығы айтылды. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынып, соның арқасында жаңа 2024 жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайтындығы хабарланды. Жауапты: № 1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері циклдік әдістемелік комиссиясы оқытушысы Жантохова Г.Н.