«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»

Бөлісу

11.09.2023жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын насихаттау мақсатында «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» бөлімдерінің 11ЗЕ-9/23,121Е-9/23,129Е-11/23, 236Е-9/22,212Е-9/22,102М-9/23 топ студенттерімен дәріс өткізілді.
Ғылым мен жоғары білім беру жүйесіндегі барлық реформалар ,талаптар шаралары білім берудің қолжетімділігіне ғана емес , сондай-ақ білім беру процесіне қатысушы: білім алушылар мен ата-аналардың ,орта білім беретін мекемелер мен университеттердің жауапкершілігін арттыруға да ықпал ететін болады. Мемлекет басшысы Жолдауда алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап берді, енді мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз.Алдағы уақытта реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек.Біздің болашағымыз- біздің қолымызда, ал күшіміз-жастардың білімінде!
ЖАУАПТЫ №1 «Әлеуметтік-экономикалық ,жалпы білім беру және тарих пәндері » ЦӘК оқытушысы: А.С. Байбосынова