Діни сауаттылық (маманмен кездесу)

Бөлісу

6.04.2026 күні колледжімізде 1–2 курс студенттері арасында «Әлеуметтік желіден туындайтын діни радикализм» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Кездесуге арнайы қонақ ретінде Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Дін және жастарға қызмет көрсету секторының меңгерушісі Зунинкожа Зулкарнайн Бұрханұлы қатысты. Іс-шара барысында әлеуметтік желідегі жалған діни ақпараттардың қауіптілігі, радикалды көзқарастардың алдын алу жолдары және жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар алды. Осындай кездесулер жастардың дұрыс бағытта қалыптасуына, ақпаратты сауатты қабылдауына үлкен септігін тигізеді.

#Тараз #Жастар #ҚауіпсізИнтернет #ДіниСауаттылық #Кездесу