27.02.2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Жолың болсын, жас маман!» тақырыбында түлектерге диплом тапсыру рәсімін өткізді.
Медициналық колледж түлектеріне диплом беру рәсімі Қазақстан Республикасының Гимнімен басталып, колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі топтарының студенттеріне сәт сапар тілеп, үздік түлектерге диплом беріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Бітіруші түлектер Гиппократ антын қабылдап, білім мен тәрбие берген оқытушыларға өз алғыстарын білдірді. Тәрбие бөлімінің тарапынан мерекелік концерт ұйымдастырылды.








