«Do you speak English?» студенттерге арналған танымдық ойын

Без рубрики
Бөлісу

07.12.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде ағылшын тілі апталығының төртінші күні «Do you speak English?» студенттерге арналған танымдық ойынымен жалғасты. Ойынның мақсаты: мәдениетті, адамгершілігі мол, жан-жақты болашақ мамандарды даярлау, студенттердің тілін, сөз байлығын дамыту. Ойын барысында студенттер ағылшын жазушыларының нақыл сөздерін, мақал-мәтелдері мен рифмаларды оқып, түрлі қойылған сұрақтарға ағылшын тілінде жауап берді. Тапсырмаларды дұрыс оқып, жауап берген студенттерге сыйлық ретінде тәттілер берілді.