Дуальды оқыту

Дуалды оқыту

Колледж білім беру үдерісін жетілдіру және білім алушылардың практикалық даярлығын арттыру мақсатында заманауи педагогикалық технологияларды белсенді енгізіп келеді. Солардың ішінде дуалды оқыту жүйесі — болашақ кәсіби мамандарды даярлаудың ең тиімді әрі уақыт сынынан өткен үлгілерінің бірі. Бұл жүйенің басты ерекшелігі — теориялық білімнің едәуір бөлігі оқу орнында берілсе, кәсіби дағдылардың басым бөлігі тікелей өндірістік ортада, нақты жұмыс жағдайында меңгеріледі.

Дуалды оқыту — білім беру ұйымы, жұмыс беруші және білім алушы арасындағы ынтымақтастыққа негізделген, тараптардың жауапкершілігі тең бөлінген кәсіби даярлау моделі. Бұл жүйе болашақ маманға теорияны практикамен ұштастыруға, ал жұмыс берушіге кәсіби талаптарға сай білікті кадр дайындауға мүмкіндік береді.

Колледжде дуалды оқыту 2016 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Жүйені енгізу ҚР 2007 жылғы «Білім туралы» Заңы, ҚР Еңбек кодексі (23.11.2015 ж. №414-V), ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы №50 «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және тиісті нормативтік-құқықтық актілер негізінде реттелді.

Алғашқы рет 2016–2017 оқу жылында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігімен 25 студент дуалды оқыту жүйесіне қабылданды. Кейін бұл сан жыл сайын артып отырды:

  • 2017–2018 оқу жылы – 50 студент
  • 2018–2019 оқу жылы – 75 студент
  • 2019–2020 оқу жылы – 124 студент
  • 2020–2021 оқу жылы – 99 студент
  • 2021–2022 оқу жылы – 97 студент
  • 2022–2023 оқу жылы – 140 студент, 2022-2023 оқу жылынан бастап дуалды оқыту жүйесіне  «Зертханалық диагностика» мамандығы қосылды.
  • 2023–2024 оқу жылы – 332 студент , 2023-2024 оқу жылынан бастап мамандығы «Мейіргер ісі», біліктілігі  «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» қосылды.
  • 2024–2025 оқу жылы – 305 студент , дуалды оқыту «Мейіргер ісі» мамандығы, біліктілігі «Жалпы практикадағы мейіргер», «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры», мамандығы «Зертханалық диагностика» бойынша жүргізеледі.
  • 2025–2026 оқу жылы – 318 студент, дуалды оқыту «Мейіргер ісі» мамандығы, біліктілігі «Жалпы практикадағы мейіргер», «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» бойынша жүргізеледі.

Дуалды жүйені енгізу «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын келісу арқылы жүзеге асырылады. ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы №93 бұйрығына сәйкес колледж–өндіріс–білім алушы арасында үшжақты келісімшарт рәсімделеді. 2025 жылдан бастап барлық үш жақты келісім шарттар CAREEHUB.KZ сайтына енгізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен «Білім туралы» Заңына сәйкес дуалды оқытуды іске асыру үшін 12 клиникалық база бекітілді.

  • «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік- диагностикалық орталығы» ШЖҚ МКК
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК
  • «Садыхан облыстық консультациялық және диагностикалық медицина орталығы» ЖШС
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық оңалту орталығы» ШЖҚ МКК
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансері» ШЖҚ МКК
  • «Жаншуақ Медикал Групп» ЖШС
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№2 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№ 5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№7 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 9 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

 

Медициналық ұйымдарда тәжірибелік сабақтарды өткізуге және дуальды оқыту жүйесі бойынша оқитын топтар үшін арнайы клиникалық кабинеттер 2016 жылдан бері ашылған. Қазіргі таңда медициналық ұйымдарда 11 кабинет бар:

–  «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК- 2 кабинет;

–  «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК- 1кабинет;

–  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№9 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК- 1кабинет;

–  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК- 1 кабинет;

–  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансері» ШЖҚ МКК – 2 кабинет;

–  Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ МКК – 1 кабинет;

–  «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК -1 кабинет;

– «ARAI» медициналық орталығы- 2 кабинет.

Дуалды жүйе түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады. Оның басты нәтижелері:

Жоғары жұмысқа орналасу көрсеткіші.
Студент оқу барысында нақты өндірістік ортада жұмыс істеп, жұмыс берушінің талаптарын меңгереді.

Психологиялық бейімделуі жоғары дайын маман.
Болашақ қызметкер жаңа ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын алдын ала қалыптастырады.

«Тәжірибеден теорияға» принципі.
Білім алушы теориялық білімді өмірлік нақты жағдаяттарда бекітеді.

Колледж дуалды оқытуды жетілдіру бағытында тәлімгерлік тәжірибесін енгізді. Тәлімгерлік — теория мен практиканың арасын жалғайтын, студенттің кәсіби бейімделуіне жәрдемдесетін маңызды педагогикалық тетік.

ҚР БҒМ-нің 25.04.2020 жылғы №160 «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тәлімгерлік жүйесі енгізіліп, оны мейіргер ісінің бакалаврлары, аға және бас медбикелер жүзеге асырады. Бұл жүйе студенттерге келесі мүмкіндіктер береді:

– тәжірибелі мамандармен тікелей жұмыс істеу арқылы кәсіби бейімделуді жеңілдету;

– тұрақты клиникалық дағдыларды қалыптастыру;

– медициналық ұйымдарда тиімді коммуникация және командалық жұмыс дағдыларын дамыту;

– оқу барысында кәсіби жетекшінің үнемі қолдауын алу.

Қазіргі таңда дуалды оқыту бойынша 24 тәлімгер белсенді жұмыс атқаруда.

Тәлімгерлер колледждің дамуына тікелей үлес қосады: оқу бағдарламаларын дайындауға қатысады, емтихан сұрақтарын әзірлейді, «Үздік фельдшер», «Үздік медбике», «Десмургия», «Үздік фармацевт» сияқты кәсіби байқаулардың қазылар алқасында болады, түлектермен кездесулер өткізеді.