Дуальды оқыту

Дуальды оқыту жүйесі – кәсіптік кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Оның ерекшелігі, кәсіптік оқыту үрдісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорында өтеді. Кәсіптік кадрларды дайындаудың дуальды оқыту үлгісі – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершілігі тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып оқыту мен практикалық міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар  даярлау нысаны болып табылады.

ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру туралы» № 319-III Заңы, ҚР 2015жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі № 414-V негізінде дуальды оқытудың оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібі айқындалады.

ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 604 бұйрығы, ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы «Дуальдық оқытуды ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» № 50 бұйрығы, ҚР Үкіметінің «Өндірістік кәсіпорындар жанында біліктілік арттыру және қайта дайындау оқу орталықтарын көздейтін және ЖОО мен колледждарда мамандар дайындауға білім беру дуальдық жүйесі Жол картасын бекіту туралы» 2014 жылғы 15 қазандағы № 1093 Қаулысы және басқа ҰКА  дуальды оқыту жүйесіне қатысты бір қатар баптар көрсетілген.

ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы» №107 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 10 қыркүйектегі «Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы» №628 бұйрығы негізінде Жамбыл облысының медициналық ұйымдарының тізімі дуальды оқыту базалары ретінде бекітіледі.

ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» № 93 бұйрығы негізінде колледж-өндіріс-студент тараптарын қамтитын Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үш-жақты келісім-шарт құрастырылады.

Дуальды оқытудың қатысушылары:

  • Білім беру ұйымы: Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
  • Кәсіпорындар:
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қалалық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№6 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№9 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

Білім алушы: 303, 305, 306, 403 топ студенттері (жалпы 98 студент).

Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:

  1. Дуальды оқыту тобына кәсіптік практиканы өткізуге арналған үш-жақты келісім шарт ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 28 қаңтарындағы № 93 бұйрығының 2 қосымшасына сәйкес құрастырылады.
  2. «Колледж-студент-кәсіпорын» арасындағы үшжақты келісім шарт жасалады.
  3. Медициналық ұйыммен келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспары құрастырылады.
  4. Өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканы іске асыру үшін медициналық ұйымдарда жабдықталған оқу кабинеттері ашылды.
  5. Ұйымдарда өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканы қадағалайтын білікті тәлімгер тағайындалады.

2016-2017 оқу-жылында колледжіміз дуальды оқытуды пилоттық жоба ретінде енгізілді. Дуальды оқыту жүйесі бойынша білім беруді ұйымдастыру жылдық жоспарына сәйкес атқарылады. Әр топтың жалпы оқу мерзімін қамтитын жылдық жоспары құрылып, бекітілген.

Дуальды оқыту жүйесі бойынша 2016-2020, 2017-2021, 2018-2022 оқу жылдарына оқу жоспары құрастырылып, медициналық басшыларымен, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының басшысымен талқыланып, колледж директорымен бекітілді.

Дуальды оқыту жүйесі бойынша медициналық ұйыммен келісілген жұмыс оқу жоспары 2016-2020, 2017-2021, 2018-2022 жылдарға құрастырылды.

Медициналық ұйымдарда өткізілетін сағат саны жалпы оқу сағат санынан 60% құрайды.

Дуальды оқыту жуйесі бойынша медициналық ұйыммен келісілген клиникалық базада оқытылатын пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары, өндірістік оқытудың және кәсіптік тәжірибенің жұмыс бағдарламасы ІІ , ІІІ, ІV курсқа құрастырылады, медициналық ұйымдардың басшыларымен талқыланады, колледж директорымен бекітіледі.

«Мейіргер ісі» мамандығы дуальды оқыту технологиясы бойынша білім алатын студенттері үшін тәжірибе сабақтарының бірінші күнінен бастап 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР еңбек кодексіне сәйкес медициналық ұйымның еңбек тәртібі қағидасы қолданылады.

2016-2017 оқу жылынан дуальды оқыту жүйесі бағдарламасы бойынша білім алатын студенттердің тәжірибелік дағдыларын нәтижелі қалыптастыру мақсатында «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қалалық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында 1 оқу кабинеті, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында 5 оқу кабинеті ұйымдастырылды.

2019 жылдың 6 желтоқсан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ ұйымдастыруымен «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында «Дуальды оқытудың өзектілігі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.  Дуальды оқыту жүйесі – кәсіптік кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Оның ерекшелігі, кәсіптік оқыту үрдісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорында өтеді. Кәсіптік кадрларды дайындаудың дуальды оқыту үлгісі – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершілігі тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып оқыту мен практикалық міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар  даярлау нысаны болып табылады.

Облыстық семинарға Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 43 маман қатысты. Семинарға қатысушылар дуальды оқыту бойынша тәжірибе бөлісіп ,сұрақ-жауап алмасты.