Жамбыл медициналық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Т.Андакулова дуалды оқыту жүйесі бойынша дайындалып жатқан 209 топ студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында 209 топ студенттеріне дуалды оқыту жүйесінің ерекшеліктері мен дәстүрлі оқытудан артықшылықтары талқылады. Қ.Т.Андакулова студенттерге №1 Қалалық балалар ауруханасы базасында 4 оқу-клиникалық кабинет ашылғанын хабарлады. Клиникалық база тарапынан және колледж тарапынан бекітілген жетекшілер таныстырылды. Сонымен қатар, студенттерге клиникаға дейінгі және клиникалық тәжірибе, өндірістік тәжірибенің өтуі жөнінде нұсқаулар берілді.
Клиникалық базаларда студенттердің өзін-өзі ұстау ережелері мен техникалық және еңбек қауіпсіздігі нұсқаулары айтылып, студенттердің сырт бейнесі, тәртібі мәселелері талқыланды.