18-20.11.2025 ж. Түркістан қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі мен Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің 90 жылдық мерейтойына арналған ТжКБ ұйымдарының ұстаздары мен қызметкерлері арасында өткен «Edu Volley-2025» республикалық волейбол жарысына Жамбыл облысы командасы қатысып жүлделі III орын иеленді. Команда құрамында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің атынан дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Досжанова Марианна Турдалиевна қатысып, сертификатпен марапатталды.

