11.12.2024 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ұйымдастыруымен «Қазақстан тарихы» пәнінен «Ел ертеңі – білімді ұрпақ» облыстық интеллектуалдық ойыны өтті.
Облыстық интеллектуалдық ойынның қазылар алқасы: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Джурсунбаев Бахытжан Абсаматович және «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Көбесова Акнур Смаилқызы.
Облыстық интеллектуалдық ойын нәтижесі:
Диплом І-ші орын: Ханай Еркеназ.
Диплом ІІ-ші орын: Саргулова Динара, Байдос Назгул.
Диплом ІІІ-ші орын: Абдрали Азамат, Равиль Азамат, Таласпаев Бақдәулет.
Алғыс хатпен: Юркова Анастасия, Көшкінбай Дінислам марапатталды.
Интеллектуалдық ойынның мақсаты:
– Қазақстан тарихы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығы, Жамбыл облысына 85 жыл, танымал есімдер, тарихи орындар және өнеркәсібі мен шаруашылығы, экономикалық дамуындағы жетістіктерін насихаттау;
Ойын қатысушыларына 1 қабатта «Тұлғаны тану» ойыны ойнатылып, дұрыс жауабын тапқандарға сыйлықтар берілді.
Жауапты: № 1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру
пәндері циклдік әдістемелік комиссиясы оқытушылары.