15.05.2025ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде “Жас химик” үйірмесінің “Энергетикалық сусындардың және тұрмыстық химияның адамның жүйке жүйесіне әсері” тақырыбында ашық үйірме отырысы өтті.
Үйірме отырысының мақсаты:
– Энергетикалық сусындардың адам ағзасына зиянды әсерін зерттеу.
– Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттерінің арасында энергетикалық сусындарды тұтыну жиілігін анықтау.
– Студенттер өмірінде энергетикалық сусындардың қаншалықты орын алатынын сауалнама жүргізу арқылы анықтау.
– Зерттеу тәсілі: сауалнама, тәжірибе жүргізу
– Теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын ұштастыруды дамыту.
– Салауатты өмір салты мен адам денсаулығы арасындағы байланыс жайында ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
“Жас химик” үйірмесінің жетекшісі: Бекмурзаева Д. Т.
Қатысқан топтар: “Жас химик”үйірме мүшелері.