«English in Medicine»

Бөлісу

22.04.2025 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай «English in Medicine» тақырыбында медициналық колледждердің «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша ІІ курс студенттері арасында қалалық байқау өткізілді. Байқау медициналық колледж студенттерінің «Кәсіби шет тілі» пәні бойынша аурулар және олардың белгілері, алғашқы көмек көрсету, науқас күтімі туралы алған білімдерін, бақылауға бағытталған.

Байқаудың мақсаты: Медицина саласындағы студенттердің ағылшын тілінен білімдерін нығайту, клиникалық терминдерді ағылшын тілінде дұрыс, анық жеткізу, лексикалық және грамматикалық дағдыларды тестілеу. Студенттердің кәсіби іс-әрекетке қажетті ағылшын тілінде коммуникативтік дағдыларын, сөйлеу шеберлігін, белсенділігін дамыту.Студенттерді науқастармен тіл табыса білуге, мейірімді, сыпайы, жақсы қарым –қатынаста болуға тәрбиелеу.
Байқаудың әділ -қазылар алқасының төрайымы: «Қамқор жүрек» қоғамдық қорының директоры – Элизабет Турнок.
Әділ –қазы алқасының мүшелері:
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының» ШЖҚ МКК бас мейіргері – Бокушева Ляйля Төребаевна
2. Ағылшын тілі маманы, «AIYM» бөбекжай бақшасының меңгерушісі- Алибаева Жібек Сәрсенбековна
«English in Medicine» байқауының жүлдегерлері:
І орын Орынбасар Қарақат Рахымжанқызы, жетешісі Кенбаева Н. М. – Жамбыл жоғары медициналық колледжі.
ІІ орын Джунусова Іңкәр Ермекқызы, жетекшісі Абдрахманова Н.Р.- Жамбыл жоғары медициналық колледжі.
ІІІ орын Книжина Николь Георгиевна, жетекшісі Маршова А. А. -«ALEM» кәсіби білім беру колледжі.
Номинация иегерлері:
1. «BEST SHOWING PRACTICAL SKILLS» Жүрсін Дария Қуанышқызы жетекшісі Тойланбаева Қ. А.- Жамбыл жоғары медициналық колледжі.
2.«BEST SPEKING SKILLS» Жақсылық Маржан Талғатқызы, жетекшісі Ильясова Л. А.-2. «Тараз- Болашақ» жоғары медициналық колледжі.
Алғыс хат иегерлері:
1. Кеулімжай Ақниет Болатбекқызы, жетекшісі Маршова А. А. – «ALEM» кәсіби білім беру колледжі.
2. Асан Ақсезім, жетекшісі Батаева Л.К. – Тараз мамандандырылған колледжі.