«Ерлер арасында кездесетін өкпе обыры»

Без рубрики
Бөлісу

09.11.23 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Анатомия және физиология пәнінің «Авиценна» үйірмесінде «Ерлер арасында кездесетін өкпе обыры» тақырыбына арналған ашық «Авиценна» үйірме отырысы өтті. Ашық үйірме отырысын өткізу мақсаты: студенттердің таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыра отырып, ғылыми көзқарасты қалыптастыру, студенттерді ерлер арасындағы жиі кездесетін аурулар мәселелермен таныстыру. Өкпе құрылысындағы ерлер арасында кездесетін ерекшеліктерді және ауруларының алдын алуға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген ынталарын арттыру болды.