05.02.2024 ж, Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қыз баласының репродуктивті денсаулығы» және «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты студент қыздармен кездесу өткізілді.Кездесудің мақсаты – қыздардың репродуктивті жүйесін қорғау, өз денсаулығына ұқыпты қарау тақырыбында жан-жақты баяндап, жыныстық жетілу кезеңінде қыздардың ағзасында орын алатын өзгерістер туралы кәсіби түсіндіру.Кездесу барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінің психолог маманы Н. Үсенқызы және «ZHANUYA» емханасының акушер-гинеколог маманы М.Т. Касымова түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастардың қойған сұрақтарына жауап берді.