Маманмен кездесу «Ерте жыныстық қарым-қатынасқа түсудің зияны»

Бөлісу

#адалазамат

31.10.2025ж Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №1 арнайы пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ерте жыныстық қарым-қатынасқа түсудің зияны» тақырыбында мамандармен кездесу өткізілді. Іс-шара жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау жұмысы аясында ұйымдастырылып, жастар арасында ерте жүктіліктің мүмкін болатын қауіптері мен салдары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталды. Дәріс барысында жыныстық жетілу ерекшеліктері, ерте жыныстық қатынастың денсаулыққа әсері, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу әдістері талқыланды. Ерекше назар салауатты әдеттерді қалыптастыру мен репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына аударылды. Кездесуге  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының облыстық штаттан тыс маманы Елубаева Асель Канатовна келіп, отбасылық тәрбиенің және жасөспірімдермен жыныстық тәрбие мәселелерінде ашық сөйлесудің маңыздылығын атап өтті.