2026 жылдың 15 қаңтарында №1 «Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндер» ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен, І курстар арасында «Есірткіге, алкоголь, темекіге «ЖОҚ» деп айт. Еркін бол!». Психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу тақырыбында Наркология орталығының психологы Абдрасилова Ляззат Тохтамысовнамен кездесу өтті.
Кездесуде Ляззат Тохтамысовна темекі, алкольге, есірткінің зияны туралы айтып, студенттерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырып, адамгершілік ең жоғары қасиет екенін түсіндірді. Психобелсенді заттарды қолданудың соңы қылмысқа апарып, мемлекетті құрдымға жіберу мүмкін екенін баса жеткізді. Маман пікіріне қосымша «Емдеу ісі» бөлімінің 116ЕФ-9/25 топ студенті Тукпан Мақпал баяндама оқып, «Есірткіге, алкоголь, темекі» туралы бейне роликтер көрсетілді. «Емдеу ісі» бөлімінің 1-курс 116ЕФ-9/25 топ кураторы Тулегенова К.Н. жетекшілігімен Жасанды интеллект арқылы жасалған «Дұрыс дос – өмірдегі тірек» анимациялық мультфильм көрсетілді.
#АдалАзамат

