15.01.2026ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу мақсатында тәрбие бөлімі, наркобекет жетекшісі А.Т. Кобегенованың ұйымдастыруымен, 116ЕФ-9/25, 113ЕФ-9/25 топ студенттерімен «Есірткіге, алкогольге, темекіге «ЖОҚ» деп айт. Еркін бол!» тақырыбында дәріс өткізілді. Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Л.Т.Абдрасилова студенттерге дәріс оқыды. Дәріс барысында нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық есірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.
Жауапты: Кобегенова А.Т., Наркопост жетекшісі.

