21.05.2024. Жамбыл жоғары
медициналық колледжінде Nº3 Жалпы білім беру және
жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК окытушысы
Надиров Абылай Мамбетович «Дене шынықтыру» пәнінен
«Емдеу ісі» 212 ЕФ-9/22 топ студенттерімен, «Граната лақтыру әдісін үйретіп жетілдіру (500гр)» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Денені сауықтыру мақсатында, студенттердің,
қимыл-әрекет қасиеттерінің үйлесімділігінің, толық
жетілуін қамтамасыз ете отырып, граната лақтырудың тәсілдерін және әдістерін үйрету;
Дамытушылық: Студенттердің денсаулығын нығайту, сабаққа белсенділігін арттыру, төзімділік, шыдамдылық, көрсеткіштерін жетілдіру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және спорттық мінез-құлықтарын дамыту;
Тәрбиелік: Студенттердің бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін, спортқа деген кызығушылықтарын арттыру
және ұйымшылдыққа, кішіпейілділікке
тербиелеу;
Әдістемелік: Оқу бағдарламасының талаптарына сай
жаттығулардың әдіс-тәсілдерін, дене қимылдарын үйлесімді пайдалануға баулу арқылы сабақтың
мақсатына жету.
Сабақ мақсатына жетті.