Хабарландыру!

Бөлісу

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК   «География» пәнінің оқытушысына   (1 штаттық бірлік –  қазақ  және орыс топтарында)   конкурс  жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының  талаптарына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа  құжаттарды  қабылдау мерзімі:  2023 жылдың 13 қыркүйек –  19 қыркүйек аралығында.

Конкурс өткізілетін күн:  20 қыркүйек 2023 ж., уақыты 10.00 сағ.

         Конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар:

1) №57 бұйрықтың 10-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) №57 бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК

Тараз қаласы,  Ниеткалиев көшесі, 20. Тел. 45-37-16