12.05.2023 ж.»Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында Дүниежүзілік медбике күніне орай медбике ісі факультетінің 203 тобы студенттерінің қатысуымен кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-білім алушыларды Халықаралық медбике күніне арналған мерекенің пайда болу тарихымен таныстыру, сондай-ақ медбике ісінің даму тарихы, мейірімділік дәстүрлерінің сабақтастығы арқылы білім алушылардың таңдаған кәсібіне құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
студенттердің көпшілік алдында сөйлеу қабілетін дамыту;
шығармашылық қабілеттерін ашу болып табылады.