Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Бөлісу

08.04.2026ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай, әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Мейіргерлік білім берудегі жаһандық трендтер мен озық тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция мақсаты: мейіргер мамандарын даярлау сапасын арттыру, заманауи білім беру технологияларын енгізу, кәсіби құзыреттілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мейіргер кадрларын қалыптастыру бағытында ғылыми-тәжірибелік пікір алмасу алаңын құру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.