Халықаралық байланыс

26.11.2019ж. Белорусь мемлекеттік университетінің А.Д.Сахаров атындағы Халықаралық экологиялық институтынан оқу жəне тəрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары И.Э.Бученков, Халықаралық  байланыстар бөлімінің бастығы Е.В.Алексейчик, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экология» кафедрасының доценті Р.Т.Турекельдиева келіп колледжіміздің корпустарымен танысып шықты. Беларусь мемлекеттік университетінің «А. Д. Сахаров атындағы Халықаралық мемлекеттік экологиялық институты» жəне «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК білім мекемелері өзара ынтымақтастық туралы 2-жақты  келісім-шарт жасады.


Ресей Федерациясы, Сібірдің орта кәсіптік медициналық білім беру аймақаралық бірлестігінің

ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Вечный подвиг – он вам по плечу…» тақырыбында қашықтықтан қатысу жүйесінде өткізген бейнеролик байқауының қорытындысы:

  1. «Медицинский работник на войне» номинациясы бойынша: «Емдеу ісі» бөлімі, 111 топ студенті Цой В. «Жамбыльские медики в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг» тақырыбында байқауға қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді, жетекшісі: №1 әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Ш.Е.Ашимова.
  2. «Медицинское учебное заведение в 1941-1945гг» номинациясы бойынша: «Мейіргер ісі» бөлімі, 209 топ студенті Аманкелди У. «Вечный подвиг – он вам по плечу…» тақырыбында байқауға қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді, жетекшісі: №1 әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Ж.Н Айдабосынова.


26-28.03.2018 ж. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚКМК-да онлайн режимде 3 күндік ашық есік күні өтті

28.03.2018 жылы  оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі  Ж.Б. Иманбекова, симуляциялық орталықтың меңгерушісі
Ф.Д. Турмысова, колледж әдіскері Л.К. Батаева конференц-залда «Денсаулық сақтау қызметкерлерін дайындаудағы симуляциялық технологиялар» тақырыбында халықаралық деңгейде республикалық семинар өткізді. Семинарға Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері қатысты. Ресейдің Омск медициналық колледжі, Республиканың 26 медициналық колледж оқытушылары өтініш білдірді. Семинарға 17 оқытушы мақаламен шықты. Омск, Бішкек, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан академиясы, Екібастұз, Атырау, Шымкент, Теміртау, Алматы, Қарағанды, Семей, Астана және тағы басқа колледждер онлайн режимде тікелей эфирде қатысуға мүмкіндік алды.


27.03.2018 ж. Колледждің симуляциялық орталығының клиникалық станцияларында №3 арнайы пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясы, №2 жалпы кәсіби пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясы оқытушылары онлайн режимінде Республиканың 12 мемлекеттік колледжіне Шебер –класс өткізді. №5 клиникалық станцияда Б.Т. Ержанов “Кенеттен жүрек тоқтауында көрсетілетін төтенше шұғыл көмек. Негізгі жүрек-өкпе реанимациясы” (орыс тілінде) өтті. №3 клиникалық станцияда Ескебекова З.С., Мұқажанова Р.Ж. “Анафилактикалық шокта медициналық көмек көрсетуін”, №9 клиникалық станцияда Кудебаева Э.Ж. “Артериялық қан кетуді тоқтатуын” көрсетті. №8 клиникалық станцияда Парманова А.Т. “Жаралардың алғашқы өңдеуін өткізу және таңғышты қолдануы”, №6 клиникалық станцияда Кудебаева Э.Ж.Тоқташева Ж.А. “Парентералдық инъекция техникасын” көрсетті. Шебер-класстар өте жоғары деңгейде өткізілді.

   

26.03.2018 жылы колледж директоры
Ж.Н. Сарыбекова ашық есік күнінің ашылуымен құттықтады.
3 күндік ашық есік күні жоспарына сәйкес №2 арнайы пәндері циклдік әдістемелік комиссия оқытушысы М.Л.Ералиев «Хирургия» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы: «Қан кету, қан кетудің асқынуы». Ашық сабаққа Республиканың 11 мемлекеттік колледждері онлайн режимінде қатысты.

       

 


05.04.2018 ж. Ресейдің Омск мемлекеттік медициналық университеті жанындағы медициналық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Чемпионат профессионального мастерства» «Территория неотложной помощи» Халықаралық байқаудың II турына “Емдеу ісі” бөлімінің студенттері И. Ахмедов, С. Агаева, хирургия пәнінің оқытушысы Ералиев М.Л. жетекшілік жасап қатысты.
Осы байқауда студент С. Агаева байқаудың абсолютті жеңімпазы атанып, I дәрежелі Дипломмен марапатталды. Студент И. Ахмедов байқаудың “Оказание сердечно-легочной реанимации” номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Дипломмен марапатталды.

 


15.03.2018 ж. Ресейдің Омск мемлекеттік медициналық университеті жанындағы медициналық колледждің ұйымдастыруымен өтетін «Чемпионат профессионального мастерства» «Территория неотложной помощи» Халықаралық байқаудың I турына “Емдеу ісі” бөлімінің студенттері қатысып, тест тапсырмаларын орындады. I дәрежелі Дипломмен студент И. Ахмедов, II дәрежелі Дипломмен С. Агаева, Н. Гишарова, Ф. Аббасова марапатталды.


     6.04.2017 ж. Омбы қаласында өткен Халықаралық  «Чемпионат профессионального мастерства  «Территория неотложной помощи» байқауында 407 топтың студенті М. Забидова «Проведение транспортной иммобилизации» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды және  байқау қорытындысы бойынша ІІ-ші жүлделі орынға ие болып, Мақтау қағазымен марапатталды, халықаралық Сертификатқа ие болды. Жетекшісі «Балалар аурулары» пәнінің  оқытушысы  Р.О.Жантасоваға  және колледждің ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі А.Е. Исмаиловаға халықаралық Сертификаттар тапсырылды.

 


21.12.2016 ж. Жамбыл медициналық колледжінің «Б» корпусында  Қазақстан Респубикасының денсаулық сапасын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру аясында, сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендіру мақсатында on-line тәртібінде «Тұрғындар-денсаулығын нығайту-мемлекеттің тұрақты әлеуметтік- экономикалық даму факторы халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда ТМД  елдерінің медициналық колледждері қатысты. Атап өтетін болсақ Ресей федерациясынан (Омск қаласы), Қырғызстан Республикасынан  (Бішкек қаласы), Азербайджаннан (Баку қаласы), сонымен қатар Қазақстан Республикасынан 10 медициналық колледждер:

 

  1. Республикалық жоғары медициналық колледжі
  2. Қостанай медициналық колледжі
  3. Павлодар жоғары медициналық колледжі
  4. Шымкент медициналық колледжі
  5. Қызылорда жоғары медициналық колледжі
  6. Көкшетау жоғары медициналық колледжі
  7. Түркістан медициналық колледжі
  8. Шығыс-Қазақстан жоғары медициналық колледжі
  9. Екібастұз медициналық колледжі
  10. Жамбыл медициналық колледжі.

 

Конференция бағдарламасына 24 баяндама енгізілді. Ұсынылған жобалар мен баяндамаларға эсараптау комиссиясы жоғары бағалады. Ғылыми жобаларды, баяндамаларды, ұсыныстарды негізге ала отырып, қатысушылар төмендегідей конференцияны

Қарарын қабылдады:

  1. ТМД елдері және РК медициналық колледждердің конференцияға қатысуы білім беру және медицина салаларында ынтымақтастық шегін кеңейтуге мүмкіндік береді.
  2. Білім үрдісіне және инновациялық-коммуникативтік мамандарды даярлауда жаңа инновациялық әдістерді енгізу пәндік үйірмелердің зерттеушілік жұмысын жалғастыру формасы ретінде жандандыру.
  3. Инфекциялық емес әлеуметтік-маңызды аурулардың сапалық өсуіне байланысты ауылдық елді-мекендерде медициналық мекемелер жұмысын белсендіру.
  4. Инфекциялық емес аурулардың деңгейін төмендету және салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөле отырып, мінез-құлық қауіпті факторларын алдын алу мен емдеуде инновациялық технологияларды кеңінен енгізу.
  5. Білім беру үрдісіне қашықтықтан оқытуды, оның ішінде on-line тәртібіндегі оқытуды енгізуді жалғастыру.
  6. Салауатты өмір салты қағидаларын барлық жерлерде қолдану.
  7. Су сапасын қалпына келтіру және оның ластануын алдын алу шараларын пайдалану.
  8. Тұрғындар арасында ұтымды тамақтану бойынша жүргізілетін жұмыстар сауығу және алдын алудың тиімді әдісі ретінде жалғасын таба бермек.

29.04.2013 ж.

«Қазақстан медицинасының болашағы ғылым мен тәжірибенің бірлестігінде»  атты  on-line жүйесінде колледждің оқу-әдістемелік кабинеті, пәндік үйірмелер кеңесінің ұйымдастыруымен халықаралық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияның эксперттік комиссиясы: Рахимова Г.Т.-облыстық СӨСҚ орталығының бөлім меңгерушісі, Қуанышов Б.Қ.-Жамбыл облысы экологиялық департаментінің маманы, Андақұлова Қ.Т.- колледж оқытушысы, фармация мамандығы  оқу-әдістемелік бірлестігінің мүшесі.

     

Конференцияға  ТМД елдерінен Қырғыз Республикасы Талас медициналық колледжінің  директоры Г.А.Байысова, оқу ісінің орынбасары Д.Ж.Жуманова, АД-43 студенті Нұрбекова Қ., Қазақстан Республикасының Жамбыл,Республикалық, Көкшетау, Түркістан, Жетісай, Шымкент, Қызылорда, Екібастұз, Арқалық медициналық  колледждері өз ғылыми жобаларымен қатысып,  пікір алмасты.

     

Қырғыз Республикасынан келген конференция  қатысушыларына Алғыс хат тапсырылып, колледжде экскурсия ұйымдастырылды.

     


Жамбыл жоғары медициналық колледжінде шетелдік білім және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жүргізуге үлкен көңіл аударылады. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Қоңырова Самиха Қоңырқызы 2008 жылы Ресей елінің Самара қаласында өткен «Жаңа технологиялық әдістерді оқу үрдісінде қолдану» тақырыбындағы конференцияға қатысып қайтты.
2008 жылдың 23 мамырында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жаңа технологиялар – білім сапасын көтерудің басты ерекшелігі» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Бұл семинарға достық елдердің, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Қазақстанның медициналық оқу орындарының өкілдері қатысып, білім сапасын жақсарту туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Халықаралық семинар жұмысына Ташкент (Өзбекстан), Талас (Қырғыстан), Талғар, Талдықорған, Түркістан, Жетісай қалаларының медициналық колледждерінің және Жамбыл медициналық колледжінің қызметкерлері қатысты.
Халықаралық семинардың басты міндеті: оқу үрдісін басқаруда жаңа технологияларды қолдану туралы тәжірибе алмасу, білім берудің қалыпты емес әдісі және оқудың тиімді әдісін көтеру, білім беру сапасын жақсартудағы оқытушының рөлі, сабақтарда, сыныптан тыс іс-шараларда электронды – дидактикалық көрнекіліктерді қолдану.
Халықаралық семинар бағдарламасында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Қ.Қоңырованың, Талас медициналық колледжі директоры Г.М.Әшірбаеваның, Жамбыл жоғары медициналық колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Жайсанованың, Ташкент қаласы 1 Республикалық медициналық колледжінің директоры М.Ф.Зияеваның сөйлеген сөздері және басқа да баяндамалар болды.