14.04.21 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасында «Жүрек–қан тамыр жүйесі ауруларының қауіп-қатер факторлары және медициналық-әлеуметтік аспектілері: мәселелері мен шешімдері» тақырыбында оn-line тәртібінде білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту және бәсекелестікке қабілетті жас ғалымдардың (колледж студенттері) ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру мақсатында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция мақсаты:
– медицина бағытындағы мамандарды дайындаудың сапасын көтеру жәнежүрек-қан тамырлары ауруларының деңгейін төмендетуде студенттердің ғылыми –ізденіс жұмысына ерекше көңіл аудару.
Конференция міндеттері:
- Техникалық және кәсіптік білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
- Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып өткізу және жас ғалымдардың (колледждердің студенттері) ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру.
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
- Студент-медиктердің ғылыми-ізденіс жұмысына деген ынталарын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын дамыту.
Конференцияның негізгі бағыттары
1.Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларының (стенокардия, инфаркт миокарда (жедел коронарлық синдромы), артериалды гипертензия) өзекті мәселелері және медициналық-әлеуметтік көмектің тиімділігін жоғарлату жолдары.
2.Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларының негізгі себептерін талдау (анализ) және бақылау (мониторинг).
3.Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларын емдеуге қолданатын дәрілік заттарды дәлелді медицинаның негізінде тиімді қолдану.
4.Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларын тудыратын қатер факторларының таралуын төмендетуде жаңа мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыру.
5.Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жүргізуде тұрғындардың жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алу сауаттылық деңгейін көтеру.
Конференцияға 5 бағыт бойынша 47 жұмыс ұсынылды, 24 колледжден: Россиядан, Омбы медициналық Университетінің жанындағы колледжден-2, Қырғызстан Республикасының медициналық колледждерінен – 5, республиканың 17 колледжінен, оның ішінде: 27 баяндама сараптау комиссияның шешімі бойынша конференцияда тыңдауға ұсынылды.Конференцияны Облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Л.О.Отарбаева мен колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Барлық жұмыстар өз деңгейінде оn-line жүйесінде тыңдалды. Конференция соңында, сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша, ең үздік жұмыстарға арнайы дипломдармен, Алғыс хаттар, қатысушыларға сертификат берілді, конференция қарары оқылды. Қатысқан колледждердің ғылыми жетекшілерінің пікірлері тыңдалды. Конференция өте жоғары деңгейде өтті.
Ғылыми жобаларды, баяндамаларды, ұсыныстарды негізге ала отырып, қатысушылар төмендегідей конференцияның
Қарарын қабылдады:
- Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып өткізу және жас ғалымдардың (колледждердің студенттері) ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру,техникалық және кәсіптік білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
- Білім беру үрдісіне қашықтықтан оқытуды, оның ішінде on-line тәртібіндегі оқытуды енгізуді жалғастыру.
- ТМД елдері және Қазақстан Республикасы медициналық колледждердің конференцияға қатысуы білім беру және медицина салаларында ынтымақтастық шеңберін кеңейтуге мүмкіндік берді.
- Медицина бағытындағы мамандарды дайындаудың сапасын көтеру жәнежүрек-қан тамырлары ауруларының деңгейін төмендетуде студенттердің ғылыми –ізденіс жұмысына ерекше көңіл бөлінді.
- Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларын тудыратын қатер факторларының таралуын төмендетуде және қоғамда жиі кездесетін (стенокардия,миокард инфарктісі) жүрек қантамырлары ауруларының себептерін алдын алып,ерте диагностикалап,клиникалық көрсетілімдері бойынша дәрі-дәрмек топтарын саналы да сапалы тағайындалуы қарастырылды.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жүргізуде тұрғындардың жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алу сауаттылық деңгейін көтеріп,тиімді тамақтануға ,жоспарлы скрининг өтудің маңыздылығын түсіндіріп,жаппай өтуге және аурудың алдын алуға тағайындалған дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданып,қабылдау мерзімін қатаң сақтауда сауаттылық деңгейін көтеру.
- Шалғай елді мекендерде жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу шараларын диагностикалауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, дұрыс жолға қойылуы ұсынылды.