«Химия және биология» құзыреттілігі бойынша  «JuniorSkillsJambуl – 2023»облыстық чемпионаты

Без рубрики
Бөлісу

10.11.2023ж. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Техникалық және кәсіптік беруді дамыту орталығы» КММ бірлесе «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында алғаш рет «Химия және биология» құзыреттілігібойынша  «JuniorSkillsJambуl – 2023»облыстық чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа Тараз қаласы және Жамбыл облысының орта білім беру мекемелерінен 14-15 жастағы 8-9 сынып оқушылары арасынан 10 қатысушы бақ сынасты.

Облыстық чемпионаттың мақсаттары:

  1. Оқушылардың химия, биология ғылымына және қазіргі заманғы салаларға деген қызығушылығын арттыру;
  2. Химия және биология саласындағы білімдері мен дағдыларын дамыту;
  3. Сыни ойлауды, аналитикалық қабілеттерді және химиядағы күрделі мәселелерді шешу қабілеттерін дамыту;
  4. Оқушыларды ынталандыру және жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беру;
  5. Химия және биология ғылымын медицина саласымен ұштастыра отырып, медицина саласына қызығушылықтарын арттыру;
  6. Жас таланттарды іздеу және болашақта медицина саласына бағытталуына қолдау көрсету.

 

Облыстық чемпионаттың қатысушылары мен жетекшілері:

  1. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,№9 Абай атындағы орта мектебі

Қатысушы:Әбзелбек Нұрхан Қуанышбекұлы

Жетекші: Аширбаева АйгерімБекасыловна

  1. Тараз қаласы, №23 орта мектеп

Қатысушы:Ниязбек Диана Бахытқызы

Жетекші: Сопбекова Алия Оналбековна

  1. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясы

Қатысушы:Садықов Нұрдаулет Маратович

Жетекші: Кырыкбаев Нурсултан Деханович

  1. Тараз қаласы, М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп

Қатысушы:Сабибулла Марғұлан Шынтасұлы

Жетекші: Дүйсенбаева Ақсұлу Тоқтамысқызы

  1. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясы

Қатысушы:Сапарханұлы Нұрасыл

Жетекші: Даулова Балжан Рабиловна

  1. Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия

Қатысушы:Аманжол Зейне Ерболқызы

Жетекші: Тауасарова Ұлбике Мухамеджановна

  1. Наргозы Данаев атындағы орта мектебі

Қатысушы:Амантай Сая Хасенқызы

Жетекші: Молдакулова Улжан Досмахановна

  1. Тараз қаласы, №3 мектеп- лицей

Қатысушы:Балтабаев Мирас Ержанович

Жетекші: Қасымбекова Жазира Азимбековна

  1. Тараз қаласы, №54 орта мектеп

Қатысушы: Сахи  Олжас

Жетекші: Абдикадырова Гаухар Нуржашевна

  1. Тараз қаласы, №47 орта мектеп

Қатысушы: Медетхан Аяулым Бахытжанқызы

Жетекші: Калиева Ляззат Есетовна

 

Облыстық чемпионаттың бас сарапшылары:

Сарыбекова Ж.Н. – «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры

Рапилбекова Г.С. – «№9 қалалық емхана»ШЖҚ МКК бас дәрігері

Султанаев Е.Б. – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Биология» кафедрасының оқытушысы, магистр.

Жусипназарова Г.М. – Н. Ә. Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебінің «Химия» пәні мұғалімі,  магистр.

 

«Химия және биология» құзыреттілігі бойынша«JuniorSkills Jambуl-2023»облыстық чемпионаттың кезеңдері:

  1. Тестілеу
  2. Блиц-турнир
  3. Сандық және сапалық есептер шығару
  4. Үй тапсырмасы «Еркін тақырып».

 

Облыстық  чемпионаттың қонақтары Жамбыл облысы білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» КММ басшысы  – Есжанов Дархан Кеңесбекұлы, және Әдіскер – Пернебаева Асима Анарбековна.

 

Облыстық чемпионат бағдарламасына сәйкес, оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында «Дені сау ұрпақ-  болашаққа батыл қадам» тақырыбында Іс-тәжірибе  алмасу кезеңі ұйымдастырылды. Бұл кезеңде оқушыларға колледждің оқу-тәжірибелік, симуляциялық кабинеттері таныстырылып, оқу үрдісінің барысы көрсетілді.

Облыстық чемпионатының жеңімпаздары:

1 Орын   Ниязбек Диана Бахытқызы

ІІ орын Аманжол Зейне Ерболқызы, Балтабаев Мирас Ержанович

ІІІ орын Амантай Сая Хасенқызы, Әбзелбек Нұрхан Қуанышбекұлы.

 

Чемпионаттық жеңімпаздары «Жамбыл облысы әкімдігінің білім   басқармасының Техникалық және кәсіптік   беруді дамыту орталығы» КММ басшысы Д.К.Есжановтың атынан грамоталармен, қатысушылары мен жетекшілері  алғыс хаттарымен марапатталды.  Сонымен қатар, сайыстың жңімпаздары мен қатысушыларына, жетекшілеріне«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім    басқармасының Техникалық және кәсіптік    беруді дамыту орталығы»  КММ басшысы Д.К.Есжанов атына «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры Ж.Н.Сарыбекова

«JuniorSkills Jambуl – 2023» облыстық чемпионатын өткізу мен ұйымдастыру жұмыстарына белсенді үлес қосқаны үшін» Алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ колледждің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мейрманова Л.К., Офис-регистратор басшысы, Бибосынова С.Г., ЦӘК төрайымы Сагиндыкова Б.К. және «№2 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері» ЦӘК оқытушылары алғыс хаттармен марапатталды.