«Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары. Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы. »

Без рубрики
Бөлісу

08.06.2023ж. № 2 жалпы білім беру және жаратылыстану пәндері әдістемелік комиссиясының жас оқытушысы Қ.Қ.Жунисова 105М-9/22 топ студенттерімен «Биология» пәнінен «Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары. Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы. » тақырыбында ашық сынамалы сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
1.Жаңа тақырып бойынша студенттерге өзгергіштік туралы толық мағлұмат беру, адамның хромосомалардың аномалды санымен байланысты (аутосомдық -жыныстық)хромосомалық жай-күйін сипаттау.
2.Генетикалық жағдайларды (ауруларды) болжау кезінде генетикалық кеңес берудің маңыздылығын білу түрлерімен таныстыра отырып, оларға салыстырмалы түрде толық мәлімет беріп түсіндіру, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
3.Мутациялардың дезоксирибонуклеин қышқылы репарациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы арасындағы байланысын табу, жаңа термин сөздерді дұрыс айтуға үйрету.