«Хуго Де Фриздің мутация теориясы»

Бөлісу

 

25.02.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Кобегенова Алия Турсынбековна «Мейіргер ісі» 103М-9/24 топ студенттерімен “Биология” пәнінен  “Хуго Де Фриздің мутация теориясы” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Хуго Де Фриздің мутация теориясын,  мутагенез себептерін, мутация түрлерін ажырату арқылы студенттерге толық ақпарат берді. Студенттердің топтық, жеке және жұптық жұмыстары арқылы танымдық, білімдік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, ұжымдаса отырып мәселелерді бірлесе шешуге, ойын түйіндеуге, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөздік қорын, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, медицинамен байланыстыра отырып, пәнге және өз мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақ өту барысында, түрлі әдіс-тәсілдер, техникалық құралдар қолданды.