М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институты. «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы «Айналайын» студенттік ғылыми үйірмесі ұйымдастырған «Инклюзивті білім беру саласында педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру және дамыту» ғылыми-практикалық ашық семинарға Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 111 топ студенті А.Дильдебаева, 402 топ студенті Ф.Тажибаева қатысып, Сертификатқа ие болды. Сондай ақ, жетекшісі колледж оқытушысы А.А.Буксукбаева семинарға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.