Шебер- класс  «Инсульт кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек»

Бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында,  Жамбыл жоғары медициналық колледжінің  90 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылып отырған бастамалар қолға алынуда. Соның бірі – заманауи білім беру үрдісіне жасанды интеллектіні енгізу.

24.10.2025ж. №1  арнайы пәндер  циклдық әдістемелік комиссия оқытушысы Ағадилова Жадыра Құрманбекқызы 422 ЕФ-9/22  тобымен  жасанды интеллект аясында Виртуалды кеңістік(VR) тақтасын қолданып  «Инсульт кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек» тақырыбында теориялық шебер-класын  өтті.

Студенттер  виртуалды  симулятор арқылы тәжірибелік білімді жаңа жағдайларда тиімді қолдана алуды үйренді. Шебер-класы барысында студенттер инсульттің түрлері, белгілері және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету алгоритмі бойынша меңгерді. Шебер- класының  ерекше тұсы – виртуалды көзілдірік (VR-очки) арқылы алғашқы көмек көрсету дағдыларын тәжірибелік түрде меңгерді.