Тренинг «Ішкі тыныштық-шынайы бақыт»

Бөлісу

2025 жылдың 29 қазан күні психологиялық қызметтің жоспарына сай «Ішкі тыныштық-шынайы бақыт» тақырыбында студенттерге арналған тренинг өткізілді.
Тренинг мақсаты: студенттерді сыртқы және ішкі  стресстен босатып, өз өмірінің басты мақсатын анықтауға бағыттау.Студенттерге өз ішкі дүниесін тазартып, жан тыныштығын сезіне бақытты өмір сүруді үйрету. Қатысушылар өздерін толыққанды түсініп, ішкі және сыртқы дүниесін үйлестіре отырып, өмірдің шынайы бақытын табуға дайындау.
Тренинг барысында: «Жақсы адам бейнесі » жаттығуы, «Ойланып көрейік», «Күйме», «Аңыз әңгіме –Шегенің өзі», «Нұрға бөлену» ойындары өткізілді.
Қорытынды: тренинг барысында қатысушылар өзін тану, эмоцияларын басқару, позитивті ойлау және қазіргі сәтті бағалау сияқты маңызды дағдыларды меңгерді.

Ұйымдастырушы:Мираева А.Б.