Психологиялық тренинг «Қиындықтармен күресу жолдары: салауатты тәсілдер»

Бөлісу

03.11.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде психологиялық ағартушылық бағытында «Қиындықтармен күресу жолдары: салауатты тәсілдер» атты тренинг өтті.
Тренингте қатысушылар түрлі ойындар мен тәжірибелік тапсырмалар арқылы өз сезімін түсінуді, күйзеліс жағдайында дұрыс әрекет етуді және қолдау алудың маңызын сезінді. Тренинг жылы атмосферада, шынайы қарым-қатынас пен позитивті эмоцияға толы өтті. Әр студент өз бойынан күш-қуат пен сенімділік тапты. Интерактивті әдіс арқылы қиындықтарға тап болған жағдайда не істеу керек екенін студенттер талдап, саралады. Қиындық – бұл сын емес, даму мүмкіндігі! Ал салауатты күресу жолы – өзіңді түсінуден басталады.

#ППЖ # Комплексноеобразование #кешендіоқыту #ЮНПФА