13.05.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Үйлену оңай, үй болу қиын» тақырыбында отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты сақтау, саналы ата-ана болу мәселелері бойынша студенттермен кездесу өтті.
Кездесу қонақтары: Кадырова Салтанат Арипжановна- көп балалы ана «Алтын алқа» иегері, «Мерейлі Отбасы-2014» байқауының жүлдегері;
Берденова Айнұр-психология ғылымдарының магистрі, ұстаз
Жаналиева Лидия Төлепбергенқызы- көп балалы ана, мемлекеттік қызметкер.
Кездесуде қонақтар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, отбасы жылулығы туралы жақсы кеңестермен бөлісіп, кездесуде тақырыптық бейне ролик көрсетілді.