02.05.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №3 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы оқытушысы В.Е. Омарбаева «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен 208 М – 9/23 ІІ-топшасымен «Көк тамырға инъекция жасау техникасы. Көк тамырдан вакуумды жүйемен қан алу техникасы. Инъекциядан кейінгі болатын асқынулар» тақырыбында колледжішілік ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: студенттерге көк тамыр пункциясына түсінік беру, көк тамырдың түрлері, типтері; көк тамырға дәрілік заттарды егу көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері; көк тамырға инъекция жасау техникасы; вакуумды жүйенің құрылысы және вакуумды жүйемен көк тамырдан қан алу техникасын; көк тамырға дәрілік заттарды егуден кейін мүмкін болатын асқынулардың түрлері, себептері, белгілері, алдын-алуды және емдеуді үйрету.