«Күлкі – жанның шипасы»

Без рубрики
Бөлісу

1 сәуір – Күлкі күніне орай Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Ауыспалы кубогі» үшін «Күлкі – жанның шипасы» тақырыбында колледжде ЖАЙДАРМАН ойындары ұйымдастырылды. Ойынға колледждің студенттік ұйымдарынан 6 команда қатысты. Ойынның әділ – қазылар алқасында: колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куанышбекова Ляззат Тураровна, арнайы қонақтарымыз «Medium» командасының капитаны Еламан Юсуп, «Medium» командасының ойыншысы Дидар Апбасов өз әділ бағаларын беріп, төрешілік етті. Колледжішілік Жайдарман ойындарын бағалы сыйлықтармен қамтамасыз етіп, демеушілік жасаған студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы – Мураталиева Нуржамал Мухтаровна. Жайдарман ойындарын ұйымдастырушы – тәрбие бөлімінің меңгерушісі Айдабосынова Жамиля Несипбековна, ақпараттық технологиялар орталығының маманы Сұлтанғалиева Айнұр Сұлтанғалиқызы, колледждің «Емдеп аламыз» Жайдарман командасы, колледждің студенттік ұйымдары.

https://www.instagram.com/p/C5U4fKrKkdA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==