24-26.05.2024 жылы тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 22.05.2024 жылғы №03-2365 хатының негізінде, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңының 4 бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізілуде.
2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 25 мамырда өтетін «Соңғы қоңырау» іс-шарасында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында, полиция бөлімдерімен бірлесе отырып кезекшіліктер, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылып, мектеп бітіруші түлектердің, колледж түлектерінің, колледж білімгерлерінің ойын-сауық орындарына (кафе, мейрамханалар, демалыс орындары т.б) бармауын, қымбат көліктер мен лимузиндермен саяхат жасамауын қадағалау, сонымен қатар 2024 жылдың 23 мамыр – 20 маусым аралығында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, түнгі мезгілде қадағалаусыз жүруінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде полиция бөлімдерімен бірлесе отырып күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.