24.05.2023 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Көп мәдениетті және көркем – эстетикалық бағыт» бойынша тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз жастарға сенеміз!» тақырыбындағы танымдық кездесуге № 5 емхана Бас дәрігерінің «Мейірбике ісі» жөніндегі орынбасары Е.А.Москаленко және Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс маманы және мейірбике ісіндегі үйлестірушісі Л.Т.Бокушева қонақта болды. Кездесу психологиялық тренингпен басталып, тақырыпқа байланысты презентация және бейнефильммен жалғасты, дәріс оқылды. Сондай-ақ студенттер медицина саласының майталмандарының қызықты әңгімелерінен мотивация алды.
Жауапты: әлеуметтік педагог Буксукбаева А.А., мед.пункт фельдшері Сейдалиева Н.Д.