«Кәсіпорындағы еңбек күні»

Бөлісу

«Еңбек күнін» мерекесіне орай, қыркүйек айының 25-29 аралығында кәсіпорындарға «Кәсіпорындағы еңбек күні» экскурсиясы ұйымдастырылды.
Экскурсияның басты мақсаты- студенттердің кәсіптік өсу деңгейін арттыру, мамандықпен таныстыру және өзін-өзі дамытуға ынталандыру.
Экскурсия Тараз қаласының келесі кәсіпорындарында өтті:
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қалалық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК
3. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК
4. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ МКК
5. «Ерко» ЖШС
Экскурсияға Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 101М-9/23, 105М-9/23, 106М-9/23, 131А-11/23, 133Ф-11/23 топтары қатысып, болашақ мамандықтарына қажетті көп ақпарат жинап қайтты.
Экскурсияны ұйымдастырып өткізген жұмыспен қамту маманы Л.А.Артықова