Апталықтың екінші күні Химия пәнінен «Карбон қышқылы» тақырыбында 104 топ студенттерімен Ташмаханбетова А.С. ашық сабақ өтті. 7.11.2023ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде, №2 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері апталығында химия пәнінің оқытушысы Ташмаханбетова Алия Серпековна «Мейіргер ісі» 104М-9/23 топ студенттерімен «Химия» пәнінен, «Карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Карбон қышқылдарының номенклатурасы мен изомериясы, алынуы мен қолданылуы, физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру арқылы студенттерге толық ақпарат берді. Студенттердің топтық, жеке және жұптық жұмыстары арқылы танымдық, білімдік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, ұжымдаса отырып мәселелерді бірлесе шешуге, ойын түйіндеуге, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөздік қорын, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, медицинамен байланыстыра отырып, пәнге және өз мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақ өту барысында, түрлі әдіс-тәсілдер, техникалық құралдар, тәжірибелік құрал-жабдықтар қолданды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Сабақ мақсатына жетті.