28.09.2017ж. №1 Жалпы білім беру және ізгілендіру пәндер циклдық әдістемелік комиссия төрайымы К.Ж.Байбосынованың ұйымдастыруымен» Эльба» кафесінде «1 қазан Халықаралық қарттар күніне» арналған «Қарттары көп ел-қазыналы ел» атты ардагерлер ұстаздарға арналған салтанатты кеш өтті. Кеште ардагер ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, өнегелі сөздер мен тілектерін айтты. Колледж әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ардагерлерді құттықтап, Кәсіподақ ұйымының тарапынан сыйлықтар берді. Мерекелік кеш ақ дастарханмен, оқушылардың ән, би, өлеңдерімен жалғасын тапты.