Қашықтықтан оқыту

Без рубрики
Бөлісу

ҚР Білім және ғылым министрінің 12.03. 2020ж. № 4-14-5/1026-И хатының негізінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері, оқытушылары және колледж қызметкерлерінің денсаулығын қорғау, сонымен қатар COVID-19 вирустық жұқпасының жаппай таралуының алдын алу мақсатында 16 наурыздан бастап оқыту үрдісі қашықтықтан оқыту Moodle платформасын қолдану арқылы жүзеге асырылып отыр. Кітапхана қызметкерлері пән бойынша оқулықтар және қажетті электрондық-ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етті. Оқу бөлімі барлық оқытушылар мен студенттердің онлайн сабаққа қатысуын қадағалап, оқытушылар электрондық журнал арқылы бағалап отырады.