«Келісім мен ынтымақ – жетістіктің белгісі»

Бөлісу

2025 жылдың 18-19 желтоқсан күндері аралығында колледждің 1-курс студенттері арасында «Келісім мен ынтымақ – жетістіктің белгісі» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – болашақ медицина мамандарының бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мемлекетіміздегі бірлік пен татулықтың маңызын ұғындыру және студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. Болашақ мамандардың кәсіби біліктілігімен қатар, олардың бойында өзара түсіністік пен қоғамдық келісім секілді құндылықтардың ұштасуы ел ертеңі үшін аса маңызды.

Студенттеріміздің жазба жұмыстары олардың тек кәсіби білімге ғана емес, сонымен қатар рухани даму мен ұлттық құндылықтарды ұлықтауға деген зор ынтасын айқын көрсетті. Мұндай бастамалар білім алушылардың азаматтық ұстанымын нығайтып, оларды болашақта ел игілігі үшін ынтымақтаса қызмет етуге жұмылдырады. Байқау қорытындысы алдағы күндері жарияланады.

#АдалАзамат