21.05.2018 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде, Жамбыл медициналық колледжінің студенттерімен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы Бейснов Бағдат Қабылдаевич, Нұр Мүбарак Египет ислам мемлекеттік университетінің доценті Затов Қайрат Айтбекұлы, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих ғылымдарының доценті Оразбай Сержан Қарсыбайұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Джакипов Ерзат Жасқанбайұлы және «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Мұратбаев Әлібек Жарылқасынұлы. Кездесудің мақсаты: діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу, дін туралы мәлімет беру және болашақ ұрпақты елін сүюге, адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, қоғамдағы болып жатқан діни ахуалдың алдын алу және т.б.